Главная » 2023 » Ноябрь » 22 » "Кемел Тоқаевтың кітаптарындағы тарихтың нұры мен көлеңкесі"
11:26
"Кемел Тоқаевтың кітаптарындағы тарихтың нұры мен көлеңкесі"

21 қарашада Қарабалық аудандық орталық кітапханасында қазақ әдебиетінің детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жыл толуына орай, "Кемел Тоқаевтың кітаптарындағы тарихтың нұры мен көлеңкесі" диалог-сұхбаты өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты – көрнекті  жазушының шығармашылық мұрасын насихаттау, жастар мен өскелең ұрпақты патриотизм мен азаматтыққа, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдыққа тәрбиелеу.

Іс-шара барысында кітапханашы студенттерді жазушының өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстырды, содан кейін Кемел Тоқаевтың "Түнде атылған оқ", "Солдат соғысқа кетті", "Тасқын" шығармалары бойынша әдебиеттерге шолу жасады.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 42 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2714]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0