Главная » 2016 » Ноябрь » 17 » «Кез келген кітапты емдейміз»
12:43
«Кез келген кітапты емдейміз»

Қараша айында бірнеше күн бойы Аудандық балалар кітапханасында «Кез келген кітапты емдейміз» атты акция «Не грусти, не плачь малышка, станешь новою ты книжкой!» ұранымен өтті. Акция қатысушылары «кітап дәрігері» рөлін ойнады. Алдын ала жұмыс алдында балалармен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді. Кітапханашы Гербеева Наталья Николаевна  жыртылған кітаптарды жөндеу бойынша шеберлік сабағын жүргізді. Кітаптарды «емдеу» жұмысына балалар үлкен қызығушылық танытып, жауапкершілікпен қарады. Жетекшімен бірге балалар жөндеуді талап ететін кітаптарды іріктеп жұмысқа кірісті. Кітаптардың сырқаттарын тауып, «емдеу» әдістерін белгіледі. Бұл үшін оларға «құралдар мен дәрілер» керек: желім, скотч, қағаз, өшіргіш пен қайшы, біз. Әр бала әр кітапқа көңіл бөліп жұмысын жақсы жасауға тырысты. Жұмыс барысында кітапханашы «ауырған кітаптар» туралы ертегілер айтты, олардан келген хатты оқыды. Балалар ертегілерді әсерлі қабылдап, «ауырған кітаптарға» мейірімділік танытты және оларды тез жөндеп қоюға тырысты. Жөнделген кітаптардың қорытынды көрмесі өз жұмысының маңыздылығын сезінуге балаларға көмектесті. Балаларды мейірімділік танытуға үйрету – бұл маңызды іс болып табылады. Олар кітапты тірі жан ретінде күтіп бағуға керек деп түсінді. Атқарылған жұмыстың қорытындысы бәрімізді қуантты. Сонымен барлығы 60 кітапқа жуық жөнделді! Акцияға 17 бала қатысты. 

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 501 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2697]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0