Главная » 2022 » Октябрь » 19 » Кітап әлемі –балалық шақ әлемі
11:34
Кітап әлемі –балалық шақ әлемі

Кітап –адамзат  жасаған ғажайыптардың бірі. Кітаптан біз өткен мен қазіргі туралы білдік, ол бізді қызықты саяхатқа апарады. Бұл кітаптардың барлығы қайда тұрады? Кітапхана деп аталатын үйде. Святослав ауылдық кітапханасында "Кітап әлемі – балалық шақ әлемі" атты кітапхана сабағы өтті. Бірінші сынып оқушыларын кітапханамен таныстыру кітапханадағы тәртіп ережелерінен басталды. Олар оқырман болуды, оқырман формулярының не екенін білді. Әрі қарай кітапханашы кітап көрмелері мен тақырыптық сөрелер, олар не үшін керектігін және оларда қандай кітаптар орналасқандығы туралы айтып берді. Экскурсия қызықсыз болып көрінбеуі үшін, балалармен бірге "сөз құрастырыңыз" ойынын ойнап, жарқын суреттері бар кітаптарды қарап, өлеңдер оқыды. Экскурсия барысында жас оқырмандар кітапханада өздерінің ертегі кейіпкерлерімен бірге ертегілер ғана емес, басқа да кітаптар: өлеңдер, көңілді әңгімелер, танымдық әдебиеттер "тұратынын" білді. Ұлдарға ғарыш туралы кітаптар, ал қыздарға жануарлар туралы кітаптар өте ұнады. Іс-шара соңында балаларға "Кітапхана -сүйікті кітаптардың  мейірімді әлемі" буклеттері табыс етілді.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 79 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2703]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0