Главная » 2017 » Ноябрь » 6 » «Кітапхана - кітаптар үйі» танымдық экскурсиясы
10:21
«Кітапхана - кітаптар үйі» танымдық экскурсиясы

Наука ауылдық кітапханасының кітапханашысы Весёлый Кут ауылының ең жас тұрғындары үшін «Кітапхана - кітаптар үйі» танымдық  экскурсиян өткізді. КПП және кіші сыныптардан келген балалар Наука ауылдық  кітапханасына бару мүмкіндігіне ие болмағандықтан оларға  Роза Жаксылыковна  өзі келді. Роза Жаксылыковна  балаларға өзінің кітапханасы туралы: Наука ауылдық кітапханасы қашан пайда болғанын , кітапханада қандай кітаптар мен журналдар барекендігін, кітап көрмелерінде қандай кітаптар кездесетіні туралы  әңгімелеп берді. Олардың ұнатқан балалар  кітабын тапсырыс берсе келесі жолы алып келе алатындығын айтты. Балалар кітапханашы ұсынған жарқын және әсем кітаптар мен журналдарды қызығушылықпен қарады. Олар балалар кітаптарының беттеріндегі негізгі кейіпкерлерді таныды және жаңа басылымдармен танысты. Сондай-ақ олар «Менің сүйікті кітаптарым» сауалнамасына жауап берді. Мұндай іс-шаралар өте маңызды, себебі олар балаларға арналған кітабына қызығушылық тудырады, кітапхананың негізін және библиографиялық сауаттылықты, «кітапхана», «кітап қоры», «оқырман формуляры» және т.б. кітапхана терминдерімен таныстырады, кітаптарға мұқият қарауды қалыптастырады. Нәтижесінде кітапхана біраз уақыттан кейін жаңа оқырмандармен толтырылады.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 356 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2699]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0