Главная » 2017 » Март » 3 » «Кітапхана мұражайына кітаптарды сыйға тарту»
15:48
«Кітапхана мұражайына кітаптарды сыйға тарту»

Станционный ауылдық кітапханасында Алғыс айту күніне қарсы «Кітапхана мұражайына кітаптарды сыйға тарту» атты акциясы өтті. Ауылдық кітапханада бұрын қызмет еткен кітапханашы Кударь Е. А. кітапхана мұражайына аса маңызды жәдігерлерді сыйға тартты. Бұл Станционный ауылында тұрған Ұлы Отан соғысының қатысушылары С.Г. Ошека және И.С. Дорошеконың фотосуреттері және Польшада басылып шыққан «Память» кітабы болды. Польша жерлерін басқыншылардан қорғаған жарты миллион кеңес солдаттарының өмірі мен өлімі туралы бұл кітап суреттейді. Кітапта құжаттар, сол оқиғалар қатысушыларының фотосуреттері ұсынылған.  Кітапхана мұражайы үшін сыйға тартылған кітаптар мен фотосуреттердің аса құндылығы одан басқа біздің жерлесіміз А.С. Ошеканың ағасы мен әкесі Польшаны басқыншылардан азат етуде сол Польша жерінде қаза тапқан. И.С. Дорошенконың есімі «Память» кітабына мәңгіге енгізілді. Дорошенко Иван Самуилович және Ошека Степан Григорьевич Станционный ауылында туған, майданға Федоров АӘК шақырылған. 95 атқыштар дивизиясының бөлім командиры болып қызмет еткен. 1945 жылғы 20 сәуірде қаза болған. Польшада Цибенген қаласында кеңес әскери зиратында жерленген. Ошеко С.Г. 1945 жылы наурыз айында хабарсыз  жоғалған. Иван  Самуилович Дорошенконың және Степан Григорьевич Ошеконың есімдері Станционный ауылының «Еске алу кітабына» жызылған.  «Память» кітабына 100 000 аса қаза тапқандардың есімдері енгізілген. Бұл адамдар сол сұрапыл соғыстан қайтып оралмаған, Польша жерінде мәңгілікке қалған. Бүгінгі күнде тұрып жатқан адамдар ешқашан соғыстың не екенін білмесін деп тілейміз. «Кітапхана мұражайына кітаптарды сыйға тарту» атты акциясы жалғасуда.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 461 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2693]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0