Главная » 2017 » Ноябрь » 9 » «Кітапханадағы демалыс»
10:13
«Кітапханадағы демалыс»

Күзгі демалыс кезінде Наука ауылдық кітапханасында Р.Ж. Домалақованың басшылығымен бірнеше танымдық және спорттық іс шаралар өтті. Сонымен қатар, «Кітап ауруханасы» үйірмелерінің белсенділерімен кітаптарды қалыпқа келтіру бойынша практикалық жұмыстар өткізілді.

Сонымен, 30 қазанда орта буын оқушылары арасында дойбыдан турнир өтті. 10 партия ойналды. Турнир жалғастырылуда. Кітапхана барлық қатысуға тілек білдіргендерді шақырады.     

  1-қараша – «Сканвордтар, ребустар мен кроссвордтар  күні». Үстел үстіне ертегілер бойынша сан түрлі сканвордтар мен ребустар жайғастырылды. Тілек білдіргендердің кез келгені оны шешіп, ертегі кейіпкерлерін тауып жатты. Қиындық туып жатқан сәттерде мектеп кітапханашысы С.В. Чудинова көмек беріп жатты.       

  2-3 қарашада «Кітап ауруханасы» үйірмесінің белсенді мүшелері мұқабалары бүлінген кітаптарды жөндеумен айналысты. Айболиттіктер - Литвиненко Светлана,  Шиткова Элина    кітапхана қорының  20 –ға жуық кітабын қалпына келтірді. Ал 6 сынып оқушылары кубик-рубикпен айналысты.Кейбірі кубик-рубикті қолдарына алғаш рет ұстап тұрса, ал мысалы М. Безносенко бәрінен шапшаң кубикті жинаумен көзге түсті. Балалар күзгі демалыстарын ауыл кітапханасында қызықты өткізді.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 369 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2697]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0