Главная » 2018 » Сентябрь » 5 » Конституция – біздің отанымыздың негізгі заңы
12:23
Конституция – біздің отанымыздың негізгі заңы

 Адамның тәуелсіздігі, егемендігі, мемлекеттілігі, еркіндігі және құқығы біздің басты құндылықтарымыз болып табылады және ол Республикамыздың Конституциясында бейнеленген. Барлық қазақстандықтар үшін Конституция күні –үлкен мереке, себебі осы құжат республиканың барлық азаматтарының құқығын және еркіндігін қорғайды. Осы жылдарда еліміздің негізгі заңы саяси тұрақтылықтың және ұлтаралық келісімнің кепілі болды. Қарабалық ОКЖ кітапханашылары біздің ел азаматының құқықтары мен міндеттері туралы еске салу, азаматтардың заңды жауапкершілігі туралы айту (материалдық, әкімшілік, қылмыстық) шешім қабылдады және осы тақырыпқа іс-шаралар өткізді. Тоғызақ а/к «Іргеленген ел Состоявшаяся страна» танымдық сағаты өткізілді. Келушілерге «Конституция –мемлекет төлқұжаты» кітап көрмесі ұсынылды, «Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихы» әңгімелесу-диалогы өткізілді, «Еліміздің негізгі заңы» бейнеролигі көрсетілді және «Сұрақ-жауап» ойын-викторинасы ойналды. Михайлов а/к –«Сөйлемді аяқта» және «Әділдік орнат» интеллектуалды ойындарымен «Конституция –біздің еліміздің негізгі заңы» құқық сабағы өткізілді. Белоглин а/к әкімдіктің және АМҮ қызметкерлерімен біздің еліміздің негізгі заңының құрылу тарихын, өзгерістері мен қосымшалары туралы еске алу үшін дөңгелек үстелге жиналды. Бөрлі а/к кітапханашысы келушілермен «Конституция –мемлекет төлқұжаты» тақырыбына әңгімелесті, сонымен қатар, 1998, 2007 және 2011 жылдары Президент пен Парламенттің өкілеттігін қайта бөлетін Конституцияға елеулі өзгерістер енгізілгендігін еске салды. Наука а/к кітапханашысы 9 және 10 сынып оқушылары үшін «Менің елімнің негізгі заңы» құқық сабағын өткізді. Новотроицк а/к «Конституция –еліміздің негізгі заңы» құқық сабағы болды. Смирнов а/к кітапханашысы «Қазақстан Республикасының Конституция күні» презентациясын және «Менің Қазақстаным, мен сенімен мақтанамын» сұрақ викторинасын дайындады және көрсетті.

Барлық кітапханаларда кітап көрмелері немесе тақырыптық сөрелер рәсімделды. Мұндай іс-шаралар өте маңызды, олар өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, құрметтеуді, мақтанышты және Констиуцияның біздің еліміз үшін маңыздылығын қалыптастырады.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 322 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2699]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0