Есенкөл селолық орталық кітапханасының БАҚ жарияланымдарымен толықтырылып тұратын «Латын әліпбиі-мемлкеттік тіл тірегі» тақырыптық сөресі алдында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Өз сұхбаттарында кітапханашы В.Н.Кириленко Елбасының өз мақаласында мақсаты қазақ тілінің әрі қарай дамуына және әлемдік ақпарат кеңістігіне қосуына ықпал ететін латын әліпбиіне көшу мәселесі тиянақтылықты талап ететін үдеріс екенін атап өткендігін айтып отырады. Әлемнің ешқандай мемлекеті біздің мемлекет секілді әліпбиді ауыстыру туралы халықпен тығыз талқылау жүргізбеген. Кездесу барысында Валентина Николаевна бекітілген жаңа әліпбиді келушілерге таныстырады. Және де жаңа әліпби 32 әріптен құралатынын, кей әріптер апострофтар арқылы белгіленетіні атап өтеді. Барлығына буклеттер табысталады.