Қарабалық орталықтандырылған кітапханасында кітапханашылар «Латын әліпбиіне көшу – келешек үшін кемел білімнің кепілі» атты көрме ұйымдастырды. Көрменің мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында латын әліпбиін енгізу халқымыздың білімі мен мәдениеті, өнеріне үлкен серпіліс әкелетінін және еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруына, көш соңында қалып қоймауына әсер етіп қана қоймай, қазақ тілінің басқа тілдермен иық тіресіп, халықаралық дәрежеге шығуына мүмкіндік туғызады. |