Главная » 2017 » Ноябрь » 17 » «Латын тілін меңгерудемін»
15:28
«Латын тілін меңгерудемін»

Қарабалық аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Ергарина Д. «Латын тілінде жазуды үйренемін» атты іс-шараға М. Сералин атындағы №3 мектебінің 7 сынып оқушыларын қатыстырды. Кітапханашы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 26 қазанындағы №569 «Қазақ тілін кириллицадан латын қарпіне көшіру туралы» Жарлығы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру маңыздылығы, латын әліпбиіне көшу кезең-кезеңімен жүзеге асуы  туралы балаларға таныстырып ақпарат беруді мақсат етті. Бүгін латын әліпбиіне көшу жөніндегі арнайы жұмыс тобы құрылады. Оның құрамына ғалымдар, тіл білімі саласындағы мамандар енгізіледі деп айтылды. Жұмыс тобымен 2025 жылға дейін кезең кезеңімен латын тіліне көшудің іс-шаралар жоспары құрылады. Іс-шараға қатысқан балалар қазіргі уақытта үш тілді меңгергеріп жатқаны туралы айтты: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін. Іс-шара барысында оқушылар латын қарпіндегі жаңа қазақ әліпбиімен таныстырылды және өз есімін және әр адамға ең маңызды сөздер: ана, әке, Қазақстан сөздерін жазуға үйренді.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 410 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2811]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0