Главная » 2019 » Апрель » 24 » Әлия Молдағұлова – қазақ халқының батыр қызы
09:15
Әлия Молдағұлова – қазақ халқының батыр қызы

19 сәуір күні балалар кітапханасының оқу залында Ұлы Жеңістің 74 жылдығын мерекелеу аясында Қарабалық к. №1 ОМ оқушыларымен ерлік сабақтары өткізілді. Ерлік сабағының мақсаты: оқушыларды қазақ халқының батыр қызы Әлия Молдағұлованың өмірімен, ерлігімен таныстыру болды.

Әлия өмірі туралы ақпарат көп емес: бірнеше фото, мұғалімдер, аудандық әскери комиссариат қызметкерлерінің естеліктері, оған Әлия өзін Қызыл Әскер қатарына қабылдау туралы өтініш берген, газеттерден үзінділер, Лияның апасы Сапураға жазған майдан хаттарының көшірмелері. Осыған қарамастан кітапханашы Н. Гербеева Н. Әлия өмірі, оның ерліктері туралы толық айтып беруге тырысты.  Осыған байланысты,  Роза Рымбаеваның орындауында "Әлия" әніне бейне-роликтер, "Снайпер" фильмінен үзінділер, видио-клип және басқа да материалдар қолданылды.

Балаларға аты аңызға айналған мерген қыздың аты тек біздің елімізде ғана емес, сонымен қатар шет елде  де белгілі екенін білу қызықты болды. Мәскеуде, Санкт-Петербургте Әлия Молдағұлованың құрметіне аталған көшелер, мектептер бар. Ақтөбе қаласында Әлия атындағы көшеде орналасқан облыстық мемориалдық мұражайы орналасқан, қала орталығында қазақ халқының адал қызына ескерткіш орнатылған. Оған: "Әлия" балеті, бірнеше өлеңдер мен поэмалар, көптеген әндер арналған. Әлия Молдағұлованың ерлігі туралы "Әлия" деректі фильмі мен "Снайперы"көркем фильмі түсірілді.

Әлия туралы әңгіме электрондық презентациямен сүйемелденді. Кеңес және қазақстандық авторлардың Ә. Молдағұловаға арналған өлеңдері оқылды.   "Қазақ қызының, Ленинград  қызының" естелігін балалар бір минут үнсіздікпен еске алды.

 

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 346 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2699]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0