Главная » 2019 » Декабрь » 3 » «Ұлт Көшбасшысы»
09:14
«Ұлт Көшбасшысы»

 Тұңғыш Президент күніне орай Қарабалық АОА оқу залында мәнерлеп оқу сайысы өтті, оған № 1 орта мектебінің оқушылары қатысты. Іс-шара мерекенің тарихы туралы қысқаша ақпараттардан басталды, жүргізушілер Елбасының өмірбаяндары, Қазақстан халқына жол бергені, осындай  маңызды тарихи уақытта және оның тарихи тағдырында саяси  аренаға Нұрсұлтан Назарбаев сияқты көшбасшы шыққаны туралы айтып берді. Содан кейін байқаудың өзі тікелей өтті. Балалар Тұңғыш Президент , Қазақстан туралы мемлекеттік тілде өлеңдер оқыды. Қазылар алқасының мүшелері қорытынды шығарумен  айналысты, жүргізушілер қатысушыларға тақырыптық  викторина өткізді. Сайыс қорытындысы бойынша 1 - ші орынды 6 сынып оқушысы Ибраева Анеля, 2 - ші орынды Айткужина Қымбат (6 сынып), 3-ші орынды 5 сынып оқушысы Жангельдинов Әділжан иеленді. Барлығы грамоталар мен шағын сыйлықтар алды. Ал Бекенов Диас байқаудың ең кіші қатысушысы ретінде гран-при алды. Іс-шараға кітап – иллюстрациялық  көрме ұйымдастырылып, Тұңғыш Президент туралы фильм көрсетілді.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 174 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2669]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0