Главная » 2024 » Февраль » 7 » «Мәңгілік кәсіп, кітапханашы» кәсіби бағдар беру кездесуі.
16:49
«Мәңгілік кәсіп, кітапханашы» кәсіби бағдар беру кездесуі.

2 ақпанда Қарабалық аудандық балалар кітапханасында жоғары сынып оқушыларына арналған  «Мәңгілік кәсіп, кітапханашы» кәсіптік бағдар беру бойынша кездесу ұйымдастырылды. Бұл іс-шараны өткізудің басты мақсаты – оқушыларды кітапханашы мамандығымен таныстыру. Кездесуге 40 жылын жұмысқа арнаған құрметті қонақ, кітапхана ісінің ардагері – Чумакова  Алла Васильевна шақырылды.

Іс-шараның басында Алла Васильевна өзі туралы, қайда оқығанын және қалай мамандықты таңдағанын айтты. Балалар оның бірінші жұмыс орны, жұмыс күні қайда болғанын, қандай лауазымдарды атқарғанын, ауданның 33 кітапханасын қамтитын Қарабалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры болғанын білді. Алла Васильевна өзінің бай тәжірибесімен бөлісті.Балалар оның кітапханашы, библиограф, жинақтаушы, әдіскер болып атқарған жұмысы туралы әңгімесін қызығушылықпен тыңдады. Сондай-ақ, әр маманның міндеттері және әр лауазымның қыр-сыры туралы білді. Алла Васильевна кітапханашының жұмысында не ұнайтындығымен, қандай қиындықтар жиі туындайтындығымен және осы кәсіптің өкілі қандай қасиеттерге ие болуы керек екендігімен бөлісті.

Балалардың сұрақтарына жауап бере отырып, Алла Васильевна мамандық таңдауда күмәнданудан қалай аулақ болу керектігін айтып, мамандық таңдау бойынша бірқатар қызықты кеңестер берді. Кездесу өте қызықты және пайдалы болды. Бұл іс-шара оқушыларға кітапханашы мамандығымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Кездесу соңында барлық қатысушыларға «Ккітапхана ісі» кәсібі бойынша жоғары және орта арнайы білім алуға болатындығы туралы парақшалар таратылды.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 30 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2714]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0