Главная » 2022 » Май » 4 » «Мұхамеджан Сералиннің мерейтойына «Ауыл» газеті»
09:51
«Мұхамеджан Сералиннің мерейтойына «Ауыл» газеті»

      «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Белоглин ауылдық округінің ауылдық кітапханашылары аудандық балалар кітапханасы іске қосқан "Уақыт призмасынан" атты I кітапханалық өлкетану эстафетасына орайластырылған "Мұхамеджан Сералиннің мерейтойына" "Ауыл" газеті " тақырыбында танымдық сағат өткізді. Іс-шараға Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары Ибрагим Ерболатович Бекмухамедов, аудан өлкетанушысы Владимир Иванович Максименко, аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Роза Рашитовна Феданова, Наука ауылының зейнеткері Сания Исабаевна Серикова, Белоглин ауылдық округінің әкімі Марина Владимировна Шуменова қатысты. Іс-шара басында Балтабекова Жансая М.Сералиннің "Жоқтау" өлеңін оқыды. Қонақтар назарына Мұхамеджан Сералин туралы көрме–инстоляциясы, сондай-ақ "Ауыл" газетінің тұсаукесері ұсынылды. Бұл газетте өткен ғасырдың 1911-1915 жылдардағы оқиғалар сипатталған. Газетте түрлі-түсті, айқын фотосуреттер мен суреттер орналастырылды, олар белгілі бір оқиға туралы ақпаратты толықтырды. Газеттің шығарушылары кітапханашылар Думалакова Роза Жақсылыққызы, Шиманская Ольга Федоровна, Есмагамбетова Сәния Нұрлыбекқызы болды.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 103 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2711]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0