Главная » 2016 » Май » 19 » «Мұражайға саяхат» кітапханалық десант
16:07
«Мұражайға саяхат» кітапханалық десант

18 мамырда Халықаралық мұражай күні. Бұл күні Аудандық балалар кітапханасының  кітапханашылары кішкентай оқырмандар үшін осы күнге арналған іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара кітапханадан басталды.Балаларға мұражайлардың пайда болу тарихы, адамдардың, елдің және адамзаттың  өміріндегі мұражайлардың рөлі туралы қызықты әңгіме жүргізілді. Қазақстанда және әлемге белгілі қандай мұражайлар бар екені таныстырылды. Кітапхана абонементінде кітап көрмесі ұйымдастырылды, Қостанай тарихи өлкетану мұражайдың жұмысы туралы бейнеролик көрсетілді. Кітапханада балалар мұражайлар туралы мәлімет алып, жолдарын аудандық мұражайға жалғастырды., мұнда оларды экскурсия  жетекшілері қарсы алды. Мұражай жәдігерлері балаларда үлкен қызығушылық тудырғаннан келесіде олар ата-аналарымен келуге уәде берді! Экскурсия соңында кітапханалық десанттың ұйымдастырушылары және балалар мұражай қызметкерлерін Халықаралық мұражай күнімен құттықтап жаңа жәдігер – КСРО заманындағы жазу машинасын сыйға тартты.  

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 620 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2697]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0