Главная » 2016 » Октябрь » 3 » «Мейірім мен даналық жасы»
15:40
«Мейірім мен даналық жасы»

2016 жылғы 1 қазанда Приречен орта мектебінде ауылдық клубтың және кітапхана қызметкерлерімен Қарттар күніне арналған «Мейірім мен даналық жасы» атты іс-шара өткізілді. Приречное ауылының барлық қарт кісілері шақырылды.Кеш бағдарламасы мерекенің пайда болу тарихынан басталды. Тамаша өлеңдер оқылды, қызықты конкурстар өткізілді, көңілді әндер орындалды, өмірде болған күлкілі оқиғалар еске түсірілді. Кітапханашы қатысушылар үшін «Неше тілде біз сөйлейміз?» білімпаздар байқауын, «Загадки на грядке» викторинаны, «Огородные рассыпушки» ойынды ұйымдастырып өткізді. Ойлап тапқан көкөністер қатысушыларға сыйлыққа берілді. Ойынды «Сүйікті өлеңді есімізге түсірейік!» өлеңдер байқауы жалғастырды. Кездесу қатысушылары «Дана сөз» байқауына қатысып, мақал мәтелдерді естеріне түсіріп  өз білімдерін көрсетті. «Русская песня» байқауы тамаша өтті. Әр қатысушы кезегімен қаптан танымал орыс халық өлең жолдары жазылған жазбаны алып, оны орындады. Бұл іс-шара қарт кісілерге бір бірімен кездесуге, әңгімелесуге, жақсы көңілді уақыт өткізуге  тамаша мүмкіндік берді. Мереке дастархан басында шай ішумен және естеліктерді тапсыруымен аяқталды. Кеш мақсаты – қарт кісілерге күнделікті шаруалардан демалуға мүмкіндік беру, оларға жақсы мереке сыйлау. 

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 409 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2696]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0