Главная » 2017 » Ноябрь » 1 » «Мейірімділік күні»
10:33
«Мейірімділік күні»

Наука кітапханада  мейірімділік күні өтті. «Мейірімді жүрек» тәрбиелік сағатта  Новостройск орта мектебінің оқушылары және ауыл тұрғындары - қонақтар,мүмкіндігі шектеулі жандар  Серікова Соня Исабаевна және Кузьменко Николай Иванович шақырылды. Кітапханада «Мейірімділік күні» балалардың, кітапханашының және қонақтардың бір біріне  жылылық силаудан  басталды. Үстелде «мейірімділік ыдысы»тұрды, оны мейрімді күлкімен ойлармен толтыру керек болды. Олардың барлығы «бақыт рецепті», «сіздерге сый-сияпаттар», «жақсы сөздерді айтыңыздар», «жаралы жүректі жинау» конкурстарына қатысты. Содан кейін  кітапхананың ішінде жасырын тұрған жүректерді  іздестірді. Кітапхананың белсенділері «Маленький мук», және «Песню о доброте» фильмінен «Поросенок Фунтик» мультфильмінен  «Дорога добра»  әнін орындады. Іс-шара барысында қонақтар мектеп оқушыларының сұрақтарына жауап берді: «Нағыз дос кім?», «Достықта  нені бағалайды?», «Сізді достарыңыз сәтсіз жағдайда қалдырды ма? Оларды кешіре алдыңыз  ба?» және т.б. Сұрақтарға жауап берген қонақтар балаларға үнемі және барлық жерде мейірімді болуға, күлкі сыйлауға, аға ұрпаққа көмектесуге, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесуден қорықпауға және өздерінен кішкетайларды ренжітпесін деген тілектерін білдірді. Іс-шараның соңында «мейірімділік ыдысы» шынайы тілектермен толды. Сондықтан кітапханаға барған әрбір баланың жүрегінде «Мейірімділік күні» махаббат пен ізгіліктің ұшқыны болады және олар осы отты туыстарына және достарына, әрі қарай әлемге береді. Наука ауылдық кітапхананың кітапханашысы өз оқырмандарына жақсы сезімдерді жақсы сөздер мен іс-әрекеттерді үйлестіруді  үйретуге тырысты.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 420 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2693]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0