Главная » 2023 » Май » 11 » "Мен әскери борышымды өтеуге барамын"
14:20
"Мен әскери борышымды өтеуге барамын"

             4 мамыр күні Святославка ауылдық кітапханасында 5-7 сынып оқушыларына арналған "Мен әскери борышымды өтеуге барамын" конкурстық-ойын бағдарламасы дайындалып, өткізілді. Басында кітапханашы осы мерекенің пайда болу тарихы, қандай әскерлер түрлері бар екендігі туралы айтып берді. Содан кейін балалар екі топқа бөлініп, командирлерін таңдап, конкурстық тапсырмаларға кірісті: "Сапқа тұру", онда командирлер кезек-кезек қарсы алып, қатысушыларға командалар берді, "Ширату" - мақал-мәтелдердің жалғасын еске түсірді. Ал "Мен болашақ қорғаушымын" байқауында балалардың Қазақстан Республикасының армиясы туралы білімдерін тексерді, өйткені нағыз қорғаушының ақылдылығы мен тапқырлығы болуы тиіс. Ойынға тек ұлдар ғана емес, қыздар да қатысты. Олар музыкалық нөмір  орындады, осылайша болашақ сарбаздарды құттықтады. Іс-шара барысында балалар қорғаушылар тек әскери қызметшілер ғана емес, әр адам ол кім болса да, ғалым, хирург, жұмысшы, мұғалім немесе полиция қызметкері болсын –ол  өз Отаны мен отбасын қорғаушысы деген қорытындыға келді.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 60 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2711]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0