Главная » 2023 » Январь » 13 » «Мен жастарға сенемін. М.Жұмабаев 130жыл» поэзия сағаты.
17:42
«Мен жастарға сенемін. М.Жұмабаев 130жыл» поэзия сағаты.

     2023 жылдың қаңтар айының 12 жұлдызында М.Сералин атындағы мектепте қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі, ақын, педагог, Алаш арысы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойы қарсаңында «Мен жастарға сенемін» атты поэзия сағаты болып өтті. Әдеби сағат барысында ақынның өмірбаяны, еңбек жолы, тағдыры, шығармашылығы жайында ақпарат берілді. Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты- ақынның елге танымал өлеңдерін жатқа айта отырып, балаларға ұнаған кез келген шығармасын кітаптан оқу болды. Оқушыларға ақынның 7 кітабы ұсынылды. Кітаптарда том бойынша өлеңдері, дастандары, аудармалары, шығармалары, әңгімелері, мақалалары, ғылыми еңбектері жекелей қарастырылған. Ең кең таралған өлеңдері «Мен жастарға сенемін», «Түркістан», «Қазақ тілі» тағы да басқа өлеңдері жатқа айтылды.  Балалармен әңгіме барысында «Батыр Баян» дастанын тілге тиек етті. Қазақ халқы үшін алғашқы болып педагогика еңбегін жазған ұлы тұлғамыз жайлы тебіренбей айту мүмкін емес.  Ұлты үшін ұлы іске барған ұлы тұлғаларымыз ел есінде!

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 642 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2714]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0