Главная » 2022 » Ноябрь » 18 » Нашақорлық -қазіргі заманның өзекті мәселесі.
17:25
Нашақорлық -қазіргі заманның өзекті мәселесі.

       18 қарашада Қарабалық аудандық орталық кітапханасында Максим Горький атындағы жалпы білім беретін мектептің 10 сынып оқушыларының «Нашақорлық -қазіргі заманның өзекті мәселесі» тақырыбында, нарколог– дәрігер Смайлова Мария Азаматқызы және психиатр – дәрігер Иваненко Элла Викторовнамен кездесуі өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты есірткі құралдарына теріс көзқарасты қалыптастыру, білім алушыларда өзін-өзі бағалауға және өзіне және өз денсаулығына құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Әңгіме барысында мамандар балаларға есірткінің адам денсаулығына зиянды әсері, адамның моральдық және рухани деградациясы, емделмейтіндігі туралы айтып берді. Өз өмірі мен болашақ ұрпақтары үшін жауапкершілік мәселелері, сондай-ақ есірткі, психотроптық және Еліткіш дәрі-дәрмектер қолданудың салдары талқыланды. Әңгімеде алкоголь мен есірткісіз депрессиямен және жаман көңіл-күймен күресу шараларына маңызды орын берілді. Дәрігерлер өз тәжірибелерінен оқушыларды қызықтырған мысалдар келтірді.

Әңгіме өте қызу өтті, оқушылар оған қуана қатысып, қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 74 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2699]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0