Главная » 2016 » Март » 28 » «Қостанай облысының 80 жылдығына қарсы 80 үздік кітап оқимыз!»
10:45
«Қостанай облысының 80 жылдығына қарсы 80 үздік кітап оқимыз!»

Қостанай облысының 80 жылдығын мерекелеу аясында көктемгі демалыс күндерінде бастауыш сынып оқушыларын үшін Михайлов ауылдық кітапханасында «Қостанай облысының 80 жылдығына қарсы 80 үздік кітап оқимыз!» атты акция өткізілді. Акция мақсаты: Қостанай облысы туралы балалар білімдерін кеңейту, кітап оқуға қызығушылығын арттыру, кітапханаға түскен жаңа кітаптармен таныстыру. Акцияға қарсы ресімделген «Оқу – білім алу» кітап көрмесінде әлемдік балалар әдебиетінің  80  үздік шығармалары ұсынылды. Ойын түрінде өткен викторинада кітапханашы балаларды Қостанай облысы тарихының асулы кезеңдерімен таныстырды.  Қазылар алқасы  көрмеде ұсынылған 40-50 кітап оқып шыққан балаларды бағалады. Жеңімпаздарға «Торқалы жылдың үздік оқырманы» медальдар берілді және жыл соңына 80 кітап оқыған оқушы сыйлыққа ие болатыны туралы жарияланды. Кітапханалық акция «Қыз қуу», «Көкпар», «Оқтау тартыс» ұлттық ойындармен аяқталды.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 879 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2697]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0