Главная » 2022 » Сентябрь » 12 » Отбасы -барлық негіздердің негізі.
14:48
Отбасы -барлық негіздердің негізі.

   Жыл сайын Қазақстанда қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі. Бұл мерекеге орай ауылдық кітапханаларда түрлі іс-шаралар өткізілді. Белоглинка ауылдық кітапханасында оқырмандар арасында "Отбасы -махаббат пен адалдық ошағы" фотокөрмесі өтті. Кітапханашы балалармен "Сөзді тап" ойынын ойнады, содан кейін отбасылық рөлдер мен міндеттерді қарастырды, өз отбасының шежіресін еске түсірді. Сондай-ақ кітапханада "Отбасы –бұл үй. Отбасы –бұл әлем" кітап көрмесі рәсімделді. Есенкөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы Отбасы күніне орай "Фантазия" балалар үйірмесінің балаларымен «Бақыт түймедағы» атты қолөнер бұйымдарын дайындады. Сондай-ақ, тақта безендіріліп, құттықтау суреттері ауыл тобына орналастырылды. Надеждинка ауылдық кітапханасында "Менің отбасым" тақырыбында әңгіме өтті. Кітапханашы балаларға туған шаңырақ, отбасы туралы айтып берді. А.Бартоның "Анам немесе мен" өлеңі оқылды, содан кейін балаларға өз отбасыларын суретке салып, ол туралы айту ұсынылды. Новотроицк ауылдық кітапханасының кітапханашысы балалар мен ересектердің қатысуымен "Менің тату отбасым" викторинасын өткізді. Іс-шараның басында қатысушылар "Отбасы дегеніміз не?» бейнесюжетін көрді. Содан кейін қатысушыларға қызықты конкурстарға қатысу ұсынылды. Іс-шара көңілді сәтпен және тәтті сыйлықтармен аяқталды. Святославка ауылдық кітапханасында 3 сынып оқушыларына арналған "Менің отбасымның мұражайы" диалог–әңгімесі өткізілді. Кітапханашы отбасы не үшін керек, адам бақыты дегеніміз не, отбасында ерекше құрметке ие адамдар туралы айтты. Өз отбасыңызды, ата-бабаларыңызды құрметтеу дегеніміз олардың өмірі мен тарихына қызығушылық танытуды білдіреді. Балалар үлкен мақтаныш сезімімен өз отбасылары, отбасылық дәстүрлері туралы айтып берді. Сондай-ақ кітапханада "Отбасына қамқор болыңыздар" атты тақырыптық сөре ұйымдастырылды.

  Отбасы –бұл махаббат, құрмет, ынтымақтастық пен сүйіспеншіліктің қайнар көзі, соңын арқасында кез-келген өркениетті қоғам құрылады, онсыз адам өмір сүре алмайды. Отбасыңызға қамқор болыңыз және бағалаңыз!

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 88 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2701]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0