Главная » 2024 » Март » 18 » «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» тарихи экскурсы.
12:46
«Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» тарихи экскурсы.

Биыл Наурыз мерекесі аясындағы іс-шаралар 10 күн бойы өтеді. Ертеде бұл мереке «Наурызнама» деп аталып, оны 8 күннен 10 күнге дейін атап өткен.

Наурыз мейрамын мерекелеу тұжырымдамасының мақсаты –халық  мерекесінің бұрынғы маңыздылығын жандандыру және оның біріктіруші рөлін арттыру.

Аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Демес Мәдина Сайранбекқызы аудандық өлкетану мұражайының қабырғасында мемлекеттік тілде оқытатын М. Сералин атындағы мектептің оқушыларына тарихи экскурсия өткізді.

Балалар Қарабалық өлкесінің тарихы, көрікті жерлері, тарихи фактілері, ауданның танымал адамдары туралы әңгімелерді қызығушылықпен тыңдады. Балалар қазақ халқының ұлттық ою-өрнектерімен, ыдыс-аяқтарымен, киімдерімен, ат әбзелдерімен, музыкалық аспаптарымен танысты.

     Іс-шараның мақсаты балалардың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру және өз өлкесінің тарихына құрмет көрсету болды.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 28 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2703]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0