Главная » 2024 » Январь » 18 » «Сахна шебері» Қапан Бадыровтың 120 жылдығына.
11:45
«Сахна шебері» Қапан Бадыровтың 120 жылдығына.

Қарабалық ауданы атақты адамдарға бай, олардың арасында Табын ауылының тумасы, Қазақ КСР Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, М.О. Әуезов атындағы Академиялық драма театрының актері Қапан Оралұлы Бадыров бар. Биылғы жылы аудан атақты жерлесінің 120 жылдығын атап өтеді.

17 қаңтар күні Қарабалық аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері оқушылардың туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін, батыр-жерлестерге деген құрметі мен мақтанышын тәрбиелеу мақсатында М. Горький атындағы 9-10 сынып оқушыларына арналған «Сахна шебері» атты ақпараттық әңгіме өткізді.

Іс - шара барысында кітапханашы оқушыларды актердің өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстырды, сондай-ақ өзінің балалық шағы, жастық шағы, кәсіби қазақ театрын құруға қатысуы туралы әңгімелеген  «Театр–менің  тағдырым»  кітабына шолу жасады.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 46 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2714]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0