Главная » 2024 » Март » 18 » «Шежіре – ұлттық тарихтың бір тармағы»
16:18
«Шежіре – ұлттық тарихтың бір тармағы»

Тамырсыз ағаш – жансыз бөрене. Қазақтар ата-бабаларын білмейтін  адамдар туралы солай айтқан. Әр көшпенді 7-ші атаға дейінгі аталары мен арғы ата-бабаларының есімдерін білуге  міндетті болды. Мұндай генеология шежіре деп аталады. Қазақ халқы ежелгі дәстүрді бүгінгі күнге дейін сақтап келеді.

Қарабалық аудандық орталық кітапханасында Наурыз мейрамы қарсаңында «Шежіре – ұлттық тарихтың бір тармағы» байқауы өтті, оған Станционный  ЖББМ оқушылары Балгужин Азат және Жақаева Томирис пен М. Горький ат. ЖББМ оқушылары Альмухамбетова Ажар және Ибраева Анель қатысты. Іс-шара барысында байқауға қатысушылар өздері туралы әңгімелеп, өз таланттарын көрсетті, сұрақтарға жауап берді, өздерінің танымал ата-бабалары мен шежірелерін таныстырды. Байқауға қатысушылар жауапкершілікпен дайындалып келгендері байқалды.

Үш адамнан тұратын қазылар алқасы осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті, сондай-ақ қатысушыларға олардың бастамаларына сәттілік тіледі.

Қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ, іс-шараға «Шежіре – ұлттық  тарихтың бір тармағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда қазақ шежірелері туралы кітаптар ұсынылды.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 27 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2703]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0