Главная » 2017 » Январь » 20 » «Құстарға қыста азық беріңдер»
11:37
«Құстарға қыста азық беріңдер»

Құстар үшін қысқы тіршілік өте қиын. Жер қалың қармен жабылған, құрт – құмырсқалар тығылып қалады. Кейбір ағаштардың бұтақтарында жемістері сақталып қалған, қардың астынан түрлі шөптің дәндері көрінеді. Научный ауылдық кітапханасының кітапханашысы кітапхана белсенділерімен жыл сайын «Құстарға қыста азық беріңдер» атты ұранымен акция өткізеді. Акция 2016 жылғы 1 желтоқсанда басталды және 2017 жылғы 1 наурызда аяқталады. 18 қаңтарда кітапханада пластмассалы бөтелкелерден қолдан жасалған құстарға жем салатын астауларды дайындап іліп қою үшін балалар жиналды. Бұл іске белсенді қатысқандар Смоленчук Сережа, Гайнуллин Влад  және  Есмагамбетов Даурен болды. Балалар бидай дәндерін, нан және басқа да тағам қалдықтарын салып қойды және келесі күндерде бақылап жүрді: негізгі қорытынды жасалды – егер үнемі құстарға қыста  азық бергенде аязды күндерді өткізуге жеңіл болады. Осындай іс-шаралар табиғатты сүюге және байқағыш бала болып өсуге тәрбиелейді. Акция жалғасуда! 

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 339 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2699]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0