Главная » 2022 » Июнь » 3 » «Түрлі-түсті балалық шақ»
12:13
«Түрлі-түсті балалық шақ»

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар ауылдық кітапханаларда көңілді және қызықты өтті. Смирнов ауылдық кітапханасының кітапханашысы балаларды қорғау күніне орай балалар үшін «Түрлі- түсті балалық шақ» көңілді мерекесін өткізді. Мереке көңілді және қызықты өтті, барлық балалар конкурстарға, викториналарға белсенді қатысты, би биледі және ашық ойындарда жарысты. Іс - шара соңында барлық балалар тәтті сыйлыққа ие болды.      

    Святослав ауылдық кітапханасының кітапханашысы тәрбиешілермен бірге бүлдіршіндерге арналған ойын-сауық бағдарламасын өткізді. Іс – шараға Врак-Забияка және тентек сайқымазақ Смешинкин келді. Олармен бірге балалар жұмбақтар шешіп, жаз туралы өлеңдер оқып, ән айтып, ойын ойнады. Мереке соңында балаларға түрлі-түсті және тәтті сыйлықтар берілді.

       Новотроицк ауылдық кітапханасында АМҮ бірлесіп « Балаларға күлкі сыйла!» атты іс- шара дайындады. Мерекеде  балалармен Клоун Тофиска, забияка, қоян көңіл көтерді. Олар өлең оқып,  күрделі сұрақтарға жауап беріп, ойындар мен сайыстарға қатысты. Мерекені спорттық эстафеталармен жалғастырды. Іс-шара соңында барлық балалар тәтті сыйлықтар мен балмұздақ алды.

    Научный ауылдық кітапханасында " Библиоканикулы или лето с книгой!» атты жазғы оқулар ашылды. Кітапханашы «Жазғы кемпірқосақ» әдеби – ойын бағдарламасын өткізді. Балалар үшін жіптерге ілінген және жарқын қағазға оралған кітаптарды табу ерекше болды. Барлық қатысушылар белсенді болды, бір-біріне көмектесті және көңілді жауап берді.

     Михайловка ауылдық кітапханасында "Жила-была сказка"конкурстық ойын бағдарламасы өткізілді. Кітапханашы балаларды жаздың басталуымен құттықтап, «Жазда кітаппен көңілді»  атты әдеби жарыстың басталғанын жариялады, оның қорытындысы жаздың соңғы күнінде шығарылады. Балалар «Ертегілер әлемінде» әдеби викторинасының сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ «Жила-была сказка» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара тәтті сыйлықтар таратумен аяқталды.

    Есенкөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы МҮ, мектеппен бірлесіп «Пісірілген картоп күні» мерекесін өткізді. Балалар ойнап, тапсырмаларды орындады, риза болып тарады.

     Белоглин ауылдық кітапханасының кітапханашысы МҮ бірлесіп «Балалық шақ әлемі-ғажайыптар әлемі!» балаларды қорғау күні арналған іс шараға қатысты. Балалар үшін күлкілі жұмбақтар, логикалық ойлауға викториналар, көңілді эстафета, қызықты конкурстар дайындалды. Олар бағдарламаға үлкен ықыласпен қатысты. Мереке соңында қарындаштармен сурет салып, тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 90 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2711]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0