Новотроицк ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.К Жакупова мектепте қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы түсіндірме әңгімесін өткізді. Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру Қазақстанның рухани жаңғыру бағдарламасының негізі болып табылатынын балаларға түсіндірді. Бұл елдегі үш тілділікті қалыптастыруға, жас ұрпаққа барлық үш тілді үйренуге ықпал етеді. Мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру үлкен перспективаға ие. Әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену үшін уақытпен жүру керек. Әңгімелесу аяқталғаннан кейін барлығы латын әліпбиі еліміз үшін көпұлтты мемлекет ретінде қажет деген қорытындыға келді.