Главная » 2019 » Январь » 17 » «Тарихқа оралу»
17:21
«Тарихқа оралу»

17 қаңтар күні аудандық кітапхананың оқу залында Н. Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" -    «Тарихқа оралу» экспресс талқылауы өтті, оған М. Горький атындағы мектептің 10 сынып оқушылары, кітапхана оқырмандары қатысты.

 Оқу залының кітапханашысы қатысушыларды мақаланың негізгі мазмұнымен таныстырды. Кітапханашы өз сөзінде Мемлекет басшысының мақаласының маңызды, құнды және ерекше мәні бар екенін атап өтті. Ол Ұлы даланың жеті қыры туралы егжей-тегжейлі айтып берді: салт-дәстүр, Ұлы Даланың ежелгі металлургиясы, Аң стилі, Алтын адам, түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан – алма мен қызғалдақтар отаны. Ежелгі тарихы мен мәдениеті, ұлы хандар, батырлар мен ақындар әрдайым Қазақстанның мақтанышы. Жеті –қазақ халқы үшін ерекше сан. Сөз сөйлегендердің әрқайсысы "Ұлы даланың жеті қыры" - "Семь граней Великой степи" - бұл халық тарихы, мол тәжірибе мен білім, мәдениет, дәстүр. Оқушылар Елбасының "Рухани Жаңғыру" жалпыұлттық бағдарламасының жалғасы болып табылатын мақаласында көрсетілген жобаларды ықыласпен қабылдады. Жедел талқылауға қатысушылар бұл мақала мәдени-рухани дамуға бағытталғанын, оны іске асыру үшін ортақ ұйымшылдық пен күш-жігерді біріктіру қажеттігін атап өтті.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 297 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2669]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0