Главная » 2018 » Ноябрь » 14 » «Теңге -Қазақстан валютасы»
09:50
«Теңге -Қазақстан валютасы»

 

Тәуелсіз мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі-оның ұлттық валютасы, ол біздің еліміздің аумағында 1993 жылғы 15 қарашада енгізілген. Бұл күн Қазақстанның ұлттық валютасы күні және 2018 жыл – мерейтой, теңге 25 жасқа толады.

Қарабалық ОКЖ қызметкерлері бір күні "Теңге-Қазақстан валютасы" атты кітапханалық сағат өткізді. Кітапханада "Теңге – тәуелсіздік символы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітапханашылардың әңгімесінен іс – шараға қатысушылар ақшаның пайда болу тарихы, қазақстандық теңгенің туу үрдісі туралы білді, теңгенің алғашқы партиясы шетелде басылып шыққаны туралы қызығушылықпен тыңдады, Алматыға аса маңызды жүкті -Англияда жасалған бірнеше тонна жаңа қазақстандық валютаны әкелді. Балалар теңгенің ерекшеліктері туралы, қорғаныс дәрежелері туралы, ішкі "жасырын сурет" туралы мұқият тыңдады.  Ақша тек отбасының жетістігін ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің әл-ауқатын да анықтайды. Бүгінгі күні 15 қарашада теңгенің туған күні ғана емес, сондай-ақ ҚР қаржыгер күні болып ресми түрде танылды. Балалармен әңгімелесуден кейін "Теңге туралы не білесіз?" атты викторина өткізілді.

Бұл іс-шараның мақсаты: теңгенің пайда болу тарихын зерттеу арқылы патриотизмге тәрбиелеу; ақшаны қолдану мәдениетінің негізгі элементтерімен таныстыру; ақшалай мәселелерді шешуде адамгершілік ұстанымды қалыптастыру.

Танымдық сағат жастардың болашақ ересек өміріне қаржы жұмсап, адал табыс тілеуімен аяқталды.
  

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 299 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2696]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0