Главная » 2023 » Ноябрь » 9 » "Темірбек Жүргеновтің рухани мұрасы"
11:43
"Темірбек Жүргеновтің рухани мұрасы"

         Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, білім беру саласының білікті басшысы, ағарту комиссары Т. Жүргеновтың туғанына 125 жыл толуына орай 8 қарашада Қарабалық аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері "Темірбек Жүргеновтің рухани мұрасы" атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға М. Сералин ат. ЖББМ мұғалімдер мен оқушылар қатысты. Іс-шара басында балалар Темірбек Жүргеновтің өмірі мен қызметі туралы бейнеролик көрді. Содан кейін кітапханашы көрнекті қайраткердің өмірі туралы толығырақ айтып берді: оның өмір жолы қандай болғанын, неден өткенін. Қатысушылар сұрақтарға жазбаша жауап беріп, белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісті. Соңында кітапханашы дөңгелек үстелге қатысушылардың назарын өз халқының қаһарман тұлғалары туралы білуге, өз тарихын зерттеуге және сүюге аударды.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 51 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2703]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0