Главная » 2022 » Апрель » 26 » Троицк қаласының өлкетану мұражайындағы дөңгелек үстел
12:23
Троицк қаласының өлкетану мұражайындағы дөңгелек үстел

Тарихи орындар күніне және Мұхамеджан Сералиннің 150 жылдығына орай, сәуір айында Победа ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ресей Федерациясының Троицк қаласының өлкетану мұражайындағы халықаралық дөңгелек үстелге шақырылды. Дөңгелек үстел отырысында аудан әкімінің орынбасары И.Б. Бекмұхаметов те болды. Қатысушылар ағартушының  жаңа кітапханалар ашқанын, қазақ және орыс халықтарын жақындастыруға шақырғанын қызығушылықпен тыңдады. Осындай ұлы адам туралы жаңа мағлұмат білу қызықты болды. Өлкетану мұражайының қызметкері В.М. Шайкенова Троицк қаласында болған айтулы оқиға туралы айтып берді, 2013 жылы 20 сәуірде М. Сералинге арналған мемориалдық тақта ашылды. Ескерткіш белгі Разин көшесіндегі мемлекеттік дәріхана ғимаратының қасбетіне орналастырылды. Революцияға дейін "Энергия" баспаханасы орналасқан, онда аты аңызға айналған "Айқап" журналы шыққан. Троицкіде біздің даңқты жерлесіміз Мұхамеджан Сералинді еске алып, құрметтейтіні өте жақсы.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 103 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2699]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0