Главная » 2022 » Июль » 8 » "Туған күніңмен, астанам"
12:50
"Туған күніңмен, астанам"

Елорда күніне орай Қарабалық ОКЖ кітапханашылары түрлі іс-шаралар өткізді. Михайловка ауылдық кітапханасының кітапханашысы "Астананың туған күні!» тақырыбына оқырмандармен әңгіме өткізді. Сонымен қатар "Астана күні құтты болсын!" кітап көрмесі өткізілді, онда Астананың тарихы мен оның көрікті жерлері туралы әдебиеттер ұсынылды. Надеждин ауылдық кітапханасында "Жүрегім менің Нұр-сұлтан" ақпараттық сағаты өтті, содан кейін балалар "Мен бормен Бәйтеректің суретін саламын" суреттер байқауына қатысты. Ең жақсы сурет үшін тәтті сыйлықты Лубинец Анна алды. Наука ауылдық кітапханасында орта буын балалары үшін "Астана-болашақтың қаласы!", "Қазақстан бойынша саяхат" бейнеролигін көрсетті. Зал ортасында "Нұр-Сұлтан - еліміздің бас қаласы" атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Боскөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы оқырмандармен "Астананың туған күні" тақырыбында әңгіме өткізді. Сондай-ақ, оқырмандар назарына Астана күніне арналған кітап көрмесі ұсынылды. Кездесу соңында ҚР тарихы бойынша шағын викторина өткізілді. Победа ауылдық кітапханасында Астана күніне орай "Нұр-Сұлтан жан жүрегім" атты тарихи сағат өтті, оның барысында кітапханашы еліміздің Астанасының тарихын айтып берді. Сондай-ақ, Нұр-сұлтанға сырттай экскурсия жасалды. Станционный ауылдық кітапханасының кітапханашысы балалармен "Елорданың көрікті жерлеріне виртуалды саяхат" ойынын өткізді. Ойын өте қызықты және танымды өтті. Бөрлі ауылдық кітапханасында Астана күніне арналған "Жер бетіндегі ең әдемі қала" атты балалар суреттерінің байқауы өтті. Есенкөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы асфальтта сурет салу конкурсын өткізді. Балалар үлкен қуанышпен Президент үйін, Хан Шатыр, Бәйтеректі салды. Барлық суреттер түрлі-түсті және өте әдемі болды.

Мұндай іс–шаралар елорда туралы балалардың ой-өрісін кеңейтеді, олар географиялық жағдайы туралы, атауын өзгерту тарихы туралы және Астананың көрікті жерлері мен символы –Бәйтерек монументі туралы көп мағлұмат алады, тарихты тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 78 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2708]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0