Главная » 2017 » Февраль » 24 » «Туған тілдің білгірлері»
16:42
«Туған тілдің білгірлері»

2017 жылғы 23 ақпанда Есенкөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы Кириленко В.Н. 5 сынып оқушылары үшін Халықаралық туған тілдің күніне арналған «Ана тілі» атты интеллектуалдық викторина ұйымдастырып өткізді. Викторина екі турдан тұрды. Біріншіде балалар интеллектуалдық сұрақтарға жауап берді, оның қорытындысы бойынша 5 адам іріктелді және келесі турда викторинаның сұрақтарына жауап берді. Нәтижесінде Мельник Снежана жүлдегер атанып, грамота мен тәтті сыйлыққа ие болды. Викторинаның басқа да қатысушылары назардан тыс қалмай, сыйлықтар алды. Іс-шара барысында оқушылар орыс тілі пәнінен жақсы білімдерін көрсетіп, барлық тапсырмаларды тез орындады. Іс-шара қызықты және танымды болды. Іс-шара соңында туған тіл туралы өлеңдер оқылды.

Туған тілім-бабам тілі-өз тілім, Туған тілім-анам тілі-өз тілім.

Туған тілім-далам тілі-өз тілім, Туған тілім-адам тілі-өз тілім.

Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 330 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2690]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0