Главная » 2021 » Май » 12 » VIII Облыстық "Сөз құдіреті" мәнерлеп оқу байқауының нәтижелері
16:26
VIII Облыстық "Сөз құдіреті" мәнерлеп оқу байқауының нәтижелері

Достар, VIII Облыстық "Сөз құдіреті" мәнерлеп оқу байқауының қорытындысы шығарылғанын қуана хабарлаймыз! "Сөз құдіреті" байқауының финалы онлайн форматта өтті. Байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Байқаудың тақырыбы: "Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары".

Финалға "Сөз құдіреті" байқауының аудандық кезеңінің жеңімпаздары, Қостанай облысының барлық аудандары мен қалаларынан барлығы 22 қатысушы өтті.

Балалар Тәуелсіз Қазақстанның қазақстандық авторларының прозалық шығармаларынан үзінділер және оқылған шығарма туралы шығармашылық эссе жазылған бейнероликтер дайындады.

Финалда Т. Шипулиннің "Урсулы сиқыршы құпиясы", Е. Титаевтың "Үш бақбақ туралы ертегі", Б. Қанапияновтың "Қасиетті құс –ақ қаз",  А. Шаяхметтің "Алғыс пен қарғыс", А. Баяндының  "Кішкентай Елжанның ертегілері", Толымбек Әбдірайымның "Құтжол" және т. б. қазақстандық балалардың сүйікті авторларының шығармаларынан үзінділер шырқалды.

Облыстық қазылар алқасының шешімі бойынша арнайы жүлдемен Ахметова Балауса (Қарабалық ауданы) марапатталды - "Айрықша таңдау / За искусность выбора произведения". Балауса қазақстандық жазушы Тони Шипулинаның "Урсула сиқыршысының құпиясы"атты шығармасынан үзінді оқыды.

Боскөл ауылының тұрғыны Ахметова Балаусаны номинациядағы жеңісімен құттықтаймыз! Оны грамоталар, сыйлықтар сыйланады!

VIII Облыстық "Сөз құдіреті" мәнерлеп оқу байқауына қатысқандардың барлығына алғыс айтамыз! Келесі жылға конкурсқа қатысуға ниет білдірушілердің барлығын күтеміз.

 

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 156 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2703]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0