Главная » 2021 » Декабрь » 10 » Өз істерінің үздігі.
14:55
Өз істерінің үздігі.

Қуанышты жаңалықпен бөлісуге асығамыз. Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық кітапханасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында 2021 жылдың 1 маусымнан 30 қыркүйек аралығында «Үздік пиаршы-кітапханашы» облыстық байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты: кітапхана қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық белсенділігінің өсуін ынталандыру.

Байқауға облыстың 9 аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі қатысты. 21 жұмыс ұсынылды.

«Үздік пиар-жоба: кітапханалық іс-шараны, акцияны ілгерілету» номинациясының бас жүлдесін Қарабалық ОКЖ Научный ауылдық кітапханасының кітапханашысы Думалакова Роза Жаксылыковна жеңіпалды. «Кітапхана туралы үздік бейнеролик» номинациясы бойынша 1 орынды Қарабалық аудандық орталық кітапханасының оқузалының кітапханашысы Шестакова Анна Ивановна иеленді.

Әріптестерімізді лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Байқаудағы жеңіс біздің мамандықтағы адамдардың – жарқын, шығармашыл, ынталы, бастамашыл екенін тағы да дәлелдейді. Бұл талант пен кәсіпке, мықты мінезге, кең пейілді, сонымен қатар, кітап пен оқырмандарға деген сүйіспеншілікті талап ететін жұмыс. Сіздерге зор денсаулық, отбасылық бақыт, амандық, жаңа кітаптар, шығармашылық табыс және жақсы көңіл-күй тілейміз!

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 87 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2704]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0