Главная » 2017 » Декабрь » 27 » Жаңа жылды қарсы аламыз
12:28
Жаңа жылды қарсы аламыз

Жаңа жыл балалардың сүйікті мерекесі. Сиқырлы, жарқын, көңілді, көп сыйлықтардың, тосынсыйлардың, тілектердің  мерекесі. Оны үйде, жұмыста, мектепте  және балабақшада да  қарсы алады. Ауылдық кітапханалар мерекенің жалпы атмосферасын құруға ықпал етеді. Жаңа жыл қарсаңында кітапханалар клуб және мектеп қызметкерлерімен бірге оқырмандарды мерекелік іс-шараларға қатысуға шақырады. Олар ұзақ уақыт бойы есте қалуы үшін, керемет ойындар, жарыстар ұйымдастыруға, көңіл көтеруге тырысады. 2017 жылдың 26 желтоқсанында Смирновка ауылдық кітапханасында «Қарлы патшалықта аязды мемлекеті» атты жаңа жыл викторинасы өтті. Викторинаға 3-4 сынып оқушылары қатысты, олар викторина сұрақтарына бірауыздан жауап берді. Олар «Сөзді тап» деген тапсырманы орындады. Сондай-ақ, Боскөл орта мектебінде Жаңа жылдық кеш өтті. Балаларға Аяз - Ата мен Ақшақар және жыл иесі ит келді. Іс-шара көңілді және қызықты өтті. Барлық балалар 2018 символы бар тәттілер мен сыйлықтар алды.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 306 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2693]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0