Главная » 2017 » Декабрь » 8 » «Жақсы көршілер – жақсы достар Ресеймен достықты нығайту»
10:14
«Жақсы көршілер – жақсы достар Ресеймен достықты нығайту»

Шекара маңындағы Приречное ауылының кітапханашысы Мельникова Л. ресейдің Варна ауылындағы   "Сказка" балабақшасына  "Жақсы көршілер, жақсы достар" атты іс-шарасымен барды. Людмила Николаевна дайындық тобының балаларына арналған тамаша іс-шара дайындады, онда презентацияның  көмегімен  ол біздің республикамызбен  жан-жақты таныстырды. Балалар егеменді Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін жасау тарихын қызығушылықпен тандады, қазақтардың ұлттық киімдерімен, музыкалық аспаптармен, тамақтарымен, дәстүрлермен және салт-жораларымен танысты. Л.Н. Мельникова балаларға астанамыз - Астана қаласының, Қостанай облысының, Қарабалық ауданының және  Приречное ауылының көрікті жерлері туралы айтып берді. Кітапханашының әңгімесін тек балалар ғана емес, балабақша қызметкерлері де  қызығушылықпен тыңдалды, себебі олардың көбі Приречный ауылында туып-өскен, Приречный орта мектебін бітіріп, қазір Ресейде тұрады. Сондықтан олар өздерінің кішігірім Отандары туралы жаңа нәрселерді білуге және  туған жерлерін көруге қуанышты болды. Людмила Николаевна Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өмірі, оның бейбіт саясаты, Ресей Федерациясымен қарым-қатынасы туралы қызықты әңгімелеп берді. Іс-шараның басты ерекшелігі - қазақ халқының дәстүрі - дорба ашылу болды. Барлық қатысушылар шағын кәдесыйлар, ал балалар - тәтті сыйлықтар алды.

Іс-шараға кітапханашы орыс және қазақ тілдеріндегі сүйікті балалар кітаптарының кітап көрмесін дайындады оны балалар мен ересектер қызығушылықпен қарады. Кездесу балабақшаның ұжымынан Л.Н Мельниковаға алғыс сөздерімен оң эмоцияда аяқталды. Мұндай кездесулерді дәстүрлі түрде өткізу туралы ұсыныстар жасалды, өйткені олар Ресей мен Қазақстан арасындағы достықты нығайтуға өте қажет.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 368 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2669]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0