Егеменді мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады. Кез-келген мемлекеттің тарихы өз валютасының тарихын қамтиды. 2017 жылдың қараша айында теңге ұлттық валютасының туған күнінде барлық кітапханаларда іс-шаралар өткізілді, Смирновка кентінің кітапханасында «Қазақстанның ұлттық валютасы» презентациясы өтті. Кітапханашы Е.Н.Колесник тындаушыларға теңге тарихы туралы, мерейтойлық монеталардың перентациясын өткізді, теңгенің дизайны мен оны қорғау дәрежесі туралы айтып берді. Теңге - егемен Қазақстанның алғашқы ақша таңбасы. Презентациядан кейін викторинаға қатыстыуды ұсынды.<
... Читать дальше »
Ауыл кітапханасының кітапханашы Т.И.Престель коммуникация қызметкерлері үшін «Қазақстан темір жолы» Тоғызақ филиалында түсіндірме әңгімесін өткізді. Әңгімелесу барысында кітапханашы Татьяна Искаковна сонғы уақытта латын графигіндегі қазақ әліпбиінің жобалары белсенді талқыланып жатқандығы туралы айтты. Қатысушыларға танысу үшін әліпбидің нұсқалары ұсынылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев қазақ әліпбиін латын жазуына кезеңдік және жүйелі көшудің маңыздылығын атап өтті. 2025 жылға қарай біздің еліміздегі барлық құжаттар мен барлық баспа өнімі латын графигінде беріледі.