Ауыл кітапханасының кітапханашы Т.И.Престель коммуникация қызметкерлері үшін «Қазақстан темір жолы» Тоғызақ филиалында түсіндірме әңгімесін өткізді. Әңгімелесу барысында кітапханашы Татьяна Искаковна сонғы уақытта латын графигіндегі қазақ әліпбиінің жобалары белсенді талқыланып жатқандығы туралы айтты. Қатысушыларға танысу үшін әліпбидің нұсқалары ұсынылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев қазақ әліпбиін латын жазуына кезеңдік және жүйелі көшудің маңыздылығын атап өтті. 2025 жылға қарай біздің еліміздегі барлық құжаттар мен барлық баспа өнімі латын графигінде беріледі.