
Қарабалық орталық аудандық кітапханасында қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Өлең сөздің патшасы – сөз сарасы» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға Қарабалық ауылының шығармашылық дарынды оқушылары қатысты. Әр қатысушы Абай шығармаларын мәнерлеп оқуда өз шеберліктерін көрсетті. Байқауға қатысушылар ақын өлеңдерінің философиялық байлығын, туған жерге деген сүйіспеншілігін, білімге деген құштарлығын таныта отырып, терең құрметпен, шабытпен оқыды.
...
Читать дальше »