Главная » 2025 » Май » 2 » «Өлең сөздің патшасы – сөз сарасы»
17:24
«Өлең сөздің патшасы – сөз сарасы»

Қарабалық орталық аудандық кітапханасында қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Өлең сөздің патшасы – сөз сарасы» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға Қарабалық ауылының шығармашылық дарынды оқушылары қатысты. Әр қатысушы Абай шығармаларын мәнерлеп оқуда өз шеберліктерін көрсетті. Байқауға қатысушылар ақын өлеңдерінің философиялық байлығын, туған жерге деген сүйіспеншілігін, білімге деген құштарлығын таныта отырып, терең құрметпен, шабытпен оқыды.

Әділдік пен объективті бағалауға әділ қазылар алқасы шақырылды. Қатысушылар екі топқа бөлінді: біріншісі Абай шығармаларын мемлекеттік тілде, екіншісі орыс тілінде оқыды.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші топ төмендегідей жүлделі орындарға ие болды: 1 орын – Ертанова Д., 2 орын – Приходько К., 3 орын – Сапабек Д. Екінші топ жеңімпаздары: 1-орын Казанбасова А., 2-орын  Нечаева В. (өзі жазған өлеңді оқыды), 3-орын Сантросян Н.

Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Қалған қатысушыларға байқауға қатысқаны үшін алғыс хаттар мен шағын сыйлықтар табыс етілді.

Байқау мақсаты өскелең ұрпақтың бойындағы Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасына деген құрметті, мәдениетаралық диалогты нығайту, тіл байлықтарын  және поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру болып табылады.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 13 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
«#ОқыЖәнеЖең»
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2025 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [3001]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0